«Музыкалық білім беру жүйесіндегі дәстүрлі және инновациялық технологиялар» облыстық семинары

Поделитесь этим постом:

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 11 наурызында Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің 70 жылдығы аясында «Музыкалық білім беру жүйесіндегі дәстүрлі және инновациялық технологиялар» облыстық семинарын өткізді.

Семинарға облыстың музыка және өнер мектептерінің директорлары, домбыра, скрипка, фортепиано, хореография, музыка теориясы сыныптары бойынша қосымша білім беру педагогтері қатысты.

Семинардың мақсаты – қосымша білім беру педагогтеріне музыкалық білім беруде дәстүрлі және инновациялық технологияларды қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе бөлісу.

Семинардың ашылуында ШҚО ББ «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК директоры А.О. Дюсупова училищенің қызметі туралы баяндама жасады.

Семинар барысында өнер училищесінің педагогтері төмендегі тақырыптарда ашық сабақтар, шеберлік сыныптар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті: «Көне дәстүр-ортекені қолдана отырып, оқушыларға күй үйрету» — домбыра сыныбының оқытушысы Н.К. Ахметова; «Қазақ халық аспаптар ансамблімен жұмыс істеу ерекшеліктері» — домбыра сыныбының оқытушысы Г.Ш. Нурбаева; «Роль классического экзерсиса в процессе формирования исполнительской культуры в хореографическом коллективе. Развитие координации движений» — Н.С. Русакова; «Использование развивающих методик при обучении игре на фортепиано в младших классах» — фортепиано сыныбының оқытушысы М.Ю. Маслова; «Проблемы в постановке начинающих скрипачей. Нестандартные решения» — скрипка сыныбының оқытушысы Е.Н. Величкина-Давлетчина; «Использование наглядных пособий на уроках сольфеджио для активизации различных способов восприятия информации в младших классах» — музыка теориясы сыныбы бойынша оқытушы О.В. Радчук.

Семинар жұмысы оқушылардың шығармашылық концертімен аяқталды.

Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре отырып, семинардың жоғары деңгейде өткенін айтып, алған әсерлерімен бөлісті.