23 сәуір — «Ұлттық кітап» күні

Поделитесь этим постом:

Ағымдағы жылдың 23 сәуір -«Ұлттық кітап» күніне орай облыстың барлық білім беру ұйымдары  «Шекарасыз кітапхана: бүгін бірге оқимыз» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырып өткізді. 

Шара аясында кітапханалық сабақтар,  «Кітап оқу әрқашан тренд» челленджі, «Мен және менің әлемім» атты фотосурет көрмесі, білім беру ұйымдарында қоғам қайраткерлерімен кездесу өткізілді.  Шараға  1-11 сыныптардан 55402 оқушысы қатысты.

Сондай-ақ, ШҚО білім басқармасының «Örken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№50 орта мектеп» КММ базасында Шығыс Қазақстан облысының көрнекті жазушысы, ақын, журналист Ә.Қ. Қаңтарбаевпен кездесу кеші өтті.

Кездесу барысында оқушылар ақын, жазушы Ә.Қ. Қаңтарбаевтың шығармашылығымен, еңбек жолымен танысты. Кездесуге 250 оқушы, 47 педагог қатысып, кітап оқудың маңыздылығы жайлы тағлымы мол сұқбат өтті.

#Ұлттық_кітап_күні #Балалар_кітапханасы