ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 28 қыркүйегінде 2026-2027 оқу жылындағы өзгерістер мен ерекшеліктер бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық (онлайн) музыка пәні мұғалімдері қауымдастығының I отырысын өткізді.
Отырысқа аудандық, қалалық қауымдастықтың төрағалары, білім бөлімдерінің әдіскерлері және музыка пәні мұғалімдері қатысты.
Отырыс барысында ӘНХ-дағы өзгерістер мен ерекшеліктер бойынша, әдістемелік көмек көрсетіліп, тақырып аясында спикерлер іс-тәжірибелерімен бөлісіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді:
ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «І. Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені» КММ музыка пәні мұғалімі Кашей Ардак Кемелхановна;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№37 көпсалалы орта мектеп» КММ музыка пәні мұғалімі Андреева Алла Анатольевна;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№36 орта мектебі» КММ музыка пәні мұғалімі Клиновицкая Юлия Анатольевна.
Қатысушылар кері байланыс беріп, сабақтарына пайдалы, қажетті мағлұматтар ала алғандықтарын айтып, алғыстарын білдірді.