КГУ «Восточно-Казахстанский региональный научно-методический центр информатизации и развития образования «Örken»
Управления образования Восточно-Казахстанской области

«Өнеріміз саған Қазақстан!» республикалық байқауының облыстық кезеңі

Поделитесь этим постом:

25 қараша 2026 жылы ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектеп жасына дейінгі балалармен «Өнеріміз саған-Қазақстан!» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті, өз елі үшін мақтанышты, ұлттық құндылықтар мен мәдени дәстүрлерді қалыптастыру.

Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес байқауға облысымыздың 12 аудан/қалаларынан келіп түскен 32 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қортынды бойынша келесі номинациялар берілді.

«Үздік би композициясы» (би, хореография) — ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №102 балабақша-бөбекжайы» КМҚК тәрбиеленушілері;

«Үздік орындаушы» (ән айту) — ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайы» КМКҚ  тәрбиеленушілері;

«Үздік мәнерлеп оқу» (мәнерлі оқу) — ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы КМҚК тәрбиеленушісі Ерназар Ибраһим Жасұланұлы;

«Үздік оркестр» (Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау) — ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №8 «Мирас» балабақша-бөбекжайы» КМКҚ тәрбиеленушілері иеленіп, республикалық кезеңіне жолданып, қалған қатысушыларға қатысқандары үшін диплом мен сертификаттар берілді.

Жеңімпаздардың жұмыстары байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!