





2026 жылдың 26 қараша күні Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми — әдістемелік «Örken» орталығы «Орыс сыныбындағы қазақ тілін оқытудың кәсіби шебер ұстазы-2026» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты — педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық әлеуетін дамыту және озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау.
Конкурстық комиссия қатысушы мұғалімдердің жұмыстарын бағалап, қорытындысы бойынша марапаттады:
І дәрежелі диплом— А.А. Тауданбекова Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Белоусовка жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
ІІ дәрежелі диплом- Ш.Д. Казиева Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Д.Қонаев атындағы №3 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
ІІ дәрежелі диплом – З.М. Оспангалиева Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Солдатова орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
ІІІ дәрежелі диплом- А.С. Жумабаева Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
ІІІ дәрежелі диплом- А.А. Бухатова Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
ІІІ дәрежелі диплом- А.Е. Ертарғынова Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Келесі номинациялар берілді:
«Ұстаздың кәсіби портреті» — М.Б. Дюсюпова Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Камышинка «Жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
«Шебер сабақ: тәжірибе және нәтиже» — Ж.М.Маратқызы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№31 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
«Педагогикалық кейс» — Р.Таукенов Алтай қаласы бойынша білім бөлімінің «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.