Ағымдағы жылдың 11 ақпанында «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген білім қызметкері Қ.Бітібаеваның 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс отырысы өтті.


Кеңес барысында іс-шарада шетелдік және отандық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамынан спикерлердің қатысуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Іс-шараның Бағдарламасы мен Тұжырымдамасына түзетулер енгізілді. Кеңеске «Өрлеу» БАҰО АҚ ШҚО КДИ» филиалының, С.Аманжолов атындағы ШҚУ және «Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ өкілдері қатысты.