2025 жылғы 27 ақпанда ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру негізінде Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Бозанбай орта мектебі» КММ базасында «Қолжетімді білім беру: инновациялық білім беру менеджменті» атты облыстық семинар-практикумын өткізді.
Семинар-практикумның мақсаты – облыстың жетекші мектептері пен магниттік мектептердегі мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау, жаңартылған мектептің мүмкіндіктерімен таныстыру, олардың білім беру үрдісіне қосатын үлесін көрсету, сондай-ақ инновациялық ортада жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыру арқылы сапалы білім мен шығармашылық қабілеттерді дамытуға жағдай жасау.




Семинар жұмысына облыстың ауыл және шағын жинақты мектептерінің 70 пән мұғалімдері қатысты.
Іс-шараның бірінші бөлімінде ШҚО білім басқармасының «Örken» ғылыми-әдістемелік орталығы әдіскері Бошаева Г.М. «Ауыл мектебі-сапа алаңы» республикалық жобасының облыс көлемінде масштабталуы туралы баяндама жасады. Мектеп директоры Бухатова А.К. «Тірек мектептерінің тиімді тәжірибесі» тақырыбында таныстырылым жасады.
Семинар практикумның келесі бөлімінде семинарға қатысушылар «Бозанбай орта мектебі» КММ мұғалімдерінің сабақтарына, шеберлік сағаттары мен коучингке қатысып, тәжірибе жинақтады. Мектеп ұжымы жаңартылған мектептің мүмкіндіктерін пайдаланып, сабақты өткізудің озық үлгілерін, оқушылармен жұмыс жасаудың түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Практикум кезінде математика, физика, химия, жаратылыстану және ағылшын тілі пәндері бойынша 5 ашық сабақ, 4 шеберлік сынып, 1 коучинг көрсетті.
Келесі бөлім барысында Білімді дамыту тұрақты қоры арқылы жабдықталған кабинеттердің мүмкіншілігін пайдаланып, оқушының жобаға бағытталған
іс-әрекетінің нәтижелілігі мен тиімділігін көрсететін 17 жобалық жұмысты ұсынды.




Жоба көрсету барысында тірек мектебі Бозанбай орта мектебіне қарасты магниттік шағын жинақты Қ.Қайсенов орта мектебінің оқушылары өз жобаларын қорғады, сондай-ақ пән мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жобалар оқушылардың шығармашылығы мен зерттеу дағдыларын дамытуға, мұғалімдердің кәсіби өсуі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға ықпал ететін түрлі бағыттарды қамтыды.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді, педагогтер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты және семинарға қатысушылар мектеп ұжымына жобаны іске асыруда шығармашылық табыс тіледі.