ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «PUBLICATIONS» баспасы ағылшын тілі мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету бағдарламасы аясында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Сабақ басқару және академиялық жетістіктерге назар аудару» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Семинар барысында ағылшын тілін оқытудың әдістемелік дағдыларын арттыру, оқушылардың тиімді дағдыларын дамытуға және әмбебап құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған факторларды жасау бойынша спикер Алишер Райымқұл тренинг өткізді.
Семинар барысында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған халықаралық интерактивті оқыту әдістері, коммуникация технологиялары, веб-сайттардағы жұмыс құралдары қолданылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен ұйымдастырушылардың сыйлық жиынтықтары табысталды.
Іс-шараға қалалық білім беру ұйымдарының 50 ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. Семинарға қатысушылар тарапынан осындай кездесудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.