ШҚО білім басқармасының «Örken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың қаңтар айында Алтай ауданында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының, «Оқуға құштар мектеп» жобасының іске асырылуы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында Алтай ауданының 15 білім беру ұйымдарының тәрбие жұмыстары қаралды. №9 орта тірек мектебі «Қазақстан халқына» қорымен жабдықталған. «Даналық мектебі» үйірмелері жанынан 4 және одан да көп секциялар құрылды, қаланың ішіндегі №9 мектеп және Первороссийск ауыл мектебі ата-аналар қоғамдастығымен жұмыс жасайтын үздік мектептердің бірі.
Ата-аналардың педагогикалық қолдау орталықтарының дәрістері, «Даналық мектебі» клубының жұмыстары, «Қауіпсіздік сабақтары қаралып және буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылық, нашақорлық, вейп, діни экстремизм, вандализм алдын алу іс-шараларына әдістемелік көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы мектеп кітапханаларына «Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Балалар кітапханасы» бағдарламасы бойынша буккроссинг бұрыштарының болуы, бүгінгі күн талабына сай кітапханалардың автоматтандырылу, модернизациялану жағдайлары қаралып, зерделенді.