ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 27 ақпанында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ базасында «Біртұтас тәрбие: ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам үндестігі» облыстық семинар-практикум өткізді.




Семинар мақсаты – Өскемен қаласы бойынша білім беру ұйымдарының «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-тәжірибелерін жинақтау, тарату және облыс педагогтеріне әдістемелік қолдау.
Семинардың пленарлық бөлімінде Біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды сабақ мазмұнына енгізу тәсілдері, Эмоционалды сауаттылық. Депрессия мен стресстің алдын алу, Біртұтас тәрбие жұмысын ұйымдастыру: тәжірибе және тиімділік тақырыптары талқыланды.
Жоба алаңдарында «Құндылықтарды оқыту процесінде еңгізудің жолдары», «Қиын жағдайда қалған балалар мен жасөпірімдер», «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы: отбасы мен мектеп ынтымақтастығы», «Қоғамдық пәндерді оқытудағы ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолдары», «Құртафелло-ұлттық бренд», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «ҚамқорLike» волонтерлық жобасын іске асыру бойынша шебер сыныптар көрсетті.
Шара соңында ұйымдастырылған рефлексияда қатысушылар өз сұрақтарына толыққанды жауап алды. #Біртұтас тәрбие #Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы