Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімнің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2025 жылдың 17 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» ШҚ өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы облыстың білім беру ұйымдарының жас ұстаздарының арасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.




Аталған педагогикалық олимпиадаға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары мен облыстық білім беру ұйымдарының 0–5 жыл еңбек өтілі бар тәлімгерлері, психологтары және педагогтері қатарынан 18 мұғалім қатысты.
Олимпиада барысында сайысқа түскен жас ұстаздар заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін, өздерінің кәсіби іс-тәжірибелерін, жұмыс жүйесінде қолданып жүрген идеялары мен жобаларын көрсетті.
Конкурстық комиссия мүшелері қатысушылардың кәсіби шеберліктерін, заманауи талаптарды игеру деңгейлерін, коммуникативтіліктерін және мамандыққа деген көзқарастарын бағалады.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
• I орын – Шакенова Ж. Қ., ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ, ағылшын тілі мұғалімі.
• II орын – Есімқанова І. А., Катонқарағай ауданы бойынша ББ «Аршаты орта мектебі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі.
• Серғазина А. Е., Зайсан ауданы бойынша ББ «Жарсу орта мектебі» КММ, математика пәні мұғалімі.
• Берікжанқызы Ақбота, Тарбағатай ауданы бойынша ББ «М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ, ағылшын тілі мұғалімі.
• III орын – Өмірзақова А. Б., Күршім ауданы бойынша ББ «Маралды орта мектебі» КММ, педагог-психолог.
• Пазылбек Үміт, Өскемен қаласы бойынша ББ «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ, тәлімгер.
• Әлімбекова А. Е., Тарбағатай ауданы бойынша ББ «Абай атындағы орта мектеп» КММ, ағылшын тілі мұғалімі.
• Өкенұлы Айбол, Ұлан ауданы бойынша ББ «Қасым Қайсенов кенті орта мектебі» КММ, физика пәні мұғалімі.
Арнайы номинациялар:
• «Экология көшбасшысы» – Жанатқызы Еркежан, Алтай ауданы бойынша ББ «Алтай қаласы мектеп-лицейі» КММ, биология пәні мұғалімі.
• «Медиялық психолог» – Хамза Г. Қ., Өскемен қаласы бойынша ББ «№46 орта мектеп» КММ, педагог-психолог.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ШҚО білім басқармасының дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Облыстық кезеңнің іріктеуінен өткен 8 қатысушы республикалық олимпиадада Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайды.
Республикалық педагогикалық олимпиадаға қатысушы жас педагогтерімізге сәттілік тілейміз!