2025 жылдың 12 ақпаны күні ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жылдық жоспарына сәйкес, Өскемен қаласы бойынша Құзыреттілік орталықтары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысымен танысып, тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік күн өткізілді.





Әдістемелік күнде шараға қатысушылар ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №15 «Рахат», №1 «Балапан», №18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайларында болып, Құзыреттілік орталықтары ретінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасты. Құзыреттілік орталықтарының жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары, Үлгілік оқу бағдарламасы мен мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарының орындалу барысы: балабақшалардың дамытушы орталарын құру және кеңістікті бағдарлау, балалармен жұмыстағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша әдістемелік нұсқау-кеңестер берілді.
Шара барысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелері талқыланып, қамтылған балабақша педагогтерімен кері байланыс орнатылып, пікір алмасылды. Қойылған сұрақтарға нақтылы жауаптар алынып, әдістемелік күн жұмысынан өздеріне қажет ақпаратты алғандарын атап, ризашылықтарын білдірді.
Әдістемелік күнге облысымыздың 50 мектепке дейінгі тәрбие бойынша педагогтері қатысты.