«Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсының іріктеу кезеңі

Поделитесь этим постом:

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 14 ақпанында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық іріктеу кезеңін өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаты – пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.

Байқаудың іріктеу кезеңіне облыс аудандары мен қалаларынан және облыстық білім беру ұйымдарынан 54 педагог қатысты. «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық байқауының қазылар алқасы ұсынылған авторлық жобаларға сараптамалық баға беріп, педагогтердің 22 жұмысын іріктеп алды. Байқаудың екінші кезеңі 2025 жылдың 26 ақпанында өтеді. Байқаудың  іріктеу кезеңінің жеңімпаз педагогтері өздерінің авторлық жұмыстарын қорғаумен қатысады.

 Барлық мұғалімдерге сәттілік тілейміз!