25.02.2024 ж. күні оқушылардың робототехника, бағдарламалау, және үшөлшемді компьютерлік модельдеу технологиясын меңгеру және қолдану саласындағы шығармашылық интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінде өткізілді. Чемпионатқа 8 команда, 90 оқушы қатысты. Командалар 10+ және 14+ жас ерекшеліктері бойынша сайысқа түсті.

Чемпионаттың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық чемпионатқа жолдама алған оқушылар:
10+ жас ерекшелік бойынша:
«Сызық бойымен жүру» бағыты бойнша – Асқар Алтай, «Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі» КММ;
«Робосумо» бағыты бойынша – Құсайнов Ерали, «Қонырбай Құдагельдинов атындағы орта мектебі» КММ
«Кегельринг» бағыты бойынша – Айболат Санжар, «Асубұлақ орта мектебі» КММ;
«3D үлгілеу» бағыты бойынша – Даулет Асылжан, Есенжол Елдос, «Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ;
«Бағдарламалау» бағыты бойынша – Бидахметов Санжарқожа, Бақдаулетов Қуаныш, «Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ;
14+ жас ерекшелік бойынша:
«Адымдаушы робосумо» бағыты бойынша – Фархатұлы Ералы «Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі» КММ;
Танк биатлоны – Әсемханұлы Әли, «Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі» КММ;
Кегельринг квадро – Батталбек Бекжан, «Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі» КММ;
«3D үлгілеу» бағыты бойынша – Ерликов Ислам, Тельманов Ерасыл, «Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ;
«Бағдарламалау» бағыты бойынша – Айтқабыл Шыңғыс, «Герасимовка орта мектебі» КММ; Советханова Еркежан, «Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі» КММ.