«SKILLS FOR GEEKS» чемпионатының өткізілу қорытындысы, Катонқарағай ауданы

Поделитесь этим постом:

21.02.2025 ж. күні оқушылардың робототехника, бағдарламалау, және үшөлшемді компьютерлік модельдеу технологиясын меңгеру және қолдану саласындағы шығармашылық интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі Рыков  атындағы орта мектебінде өткізілді. Чемпионатқа 6 команда, 20 оқушы қатысты. Командалар 10+ және 14+ жасерекшеліктері бойынша сайысқа түсті.

Чемпионаттың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық чемпионатқа жолдама алған оқушылар:

10+ жасерекшелік бойынша:

Сызық бойымен жарыс –Болгамбаев Санжар, «Өрел орта мектебі» КММ

Кегельринг – Айбекұлы Нұрасыл «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі»КММ

Сумо-Халел Алихан, «Рыков атындағы орта мектебі»КММ

Бағдарламалау – Қайрат Шырай,Сансызбай Алихан «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ

3D модельдеу – Кәдірқанов Жарас «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі»КММ

14+ жасерекшелік бойынша:

Танк биатлоны – Балгомбаев Санжар «Өрел орта мектебі»КММ

Кегельринг квадро – Мамырбек Асхат, «Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай мектебі» КММ

Шагающий робот- Жұмабек Ерасыл , «Рыков атындағы орта мектебі» КММ

Бағдарламалау – Ержанқызы Асылжан,   «Жамбыл орта мектебі»

3D модельдеу- Берниязова Дильназ,Батекенова Диляра «Өрел орта мектебі»КММ