Ермұхан Бекмаханов –тарихшы ғалым, Қазақстан мен Орта Азияда тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі.
«Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында», «Қазақстанның Ресейге қосылуы», «ХІХ ғасырдың Қазақстан тарихы бойынша очерктер» монографияларының, сондай-ақ орта мектепке арналған оқулықтардың авторы. Әл-Фараби ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының негізін қалаушы.




Ермұхан Бекмаханов-жеке басы мен қызметі тоталитарлық режимнің жазықсыз құрбаны болған батылдықтың ,жанқиярлықтың және ғылыми ерліктің үлгісі болып табылатын адам.
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ тарихи дереккөздерді талдау негізінде Е. Бекмахановтың өмірі мен қызметін зерделеу арқылы жоғары сынып оқушыларының бойында патриотизмге тәрбиелеу мақсатында, ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы: білім бөлімінің «№ 18 орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі педагог –зерттеуші Варакина Светлана Николаевнамен бірлесіп тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмахановтың 110 жылдығына арналған «Ермұхан Бекмаханов: тарихтың ізімен» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді.


Сабаққа дайындық кезінде оқушылар Шығыс Қазақстан облыстық мұрағатына барып, тарихи тұлғалардың мұрасын қалай сақтау керектігі туралы маманнан сұхбат алды. Интерактивті сабаққа облыс мектептерінің 11 сынып оқушылары қатысты. Балалар сабаққа белсенді қатысып, лайықты мұра қалдырған көрнекті тарихшының мұрасымен танысты: 100-ден астам еңбек, оның ішінде үшеуі толыққанды монографиялар, сондай-ақ Қазақстан тарихы бойынша мектеп оқулықтары.