«Менің сүйікті кітабым – Абай шығармалары» республикалық челленджі

Поделитесь этим постом:

2025 жылдың 28 ақпанында ҚР ОАМ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 180 — жылдығына орай «Менің сүйікті кітабым — Абай шығармалары» республикалық челленджі өтті.

Челленджге ҚР 17 облысы және 3 республикалық маңызы бар қалаларының білім басқармалары, әдістемелік орталықтарының өкілдері, мектеп педагогтері мен оқушылары қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлытау облысының Абайдың қара сөздерін оқуды ұсынған челленджін қабыл алды. Челленджді тапсыру барысында Шығыс Қазақстаннан Алматы қаласына Абай өлеңдерін оқу ұсынылды.

Челлендж барысында ШҚО ББ «Өскемен қаласындағы «Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ оқушылары Абай бейнесін сомдап, бірінші, он жетінші қара сөздерін оқып, әнін шырқап, іс-шараның мазмұнды өтуіне зор үлес қосып, ұйымдастырушылар мен қатысушылардың ризашылығын алды.

Челлендж қорытындысы бойынша 2025 жылдың желтоқсан айының соңына дейін білім беру ұйымдарына Абай шығармаларын оқу тапсырылды.