2025 жылдың 11 наурызында ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы мен Абай облысы ББ Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы бірлесе отырып «Авторлық бағдарлама: идея және оны жүзеге асыру» инклюзивті және арнайы білім беру саласының педагогтері арасында авторлық бағдарламалар бойынша тәжірибе алмасу, апробация, енгізу бойынша офлайн және онлайн форматта Мastermind-сессиясын өткізді.




Мastermind-сессияда Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау бойынша әзірленген «Мектеп-барлығы үшін» әдістемелік жинағы, «Дефектологтың кәсіби үстелі», «Есту қабілеті зақымдалған 0-1 сынып балаларының кеңістікті қабылдауын дамыту бойынша ойындар жинағы», АСБ бар балалардың ата-аналарына арналған «Маршруттық карта», «Зиятында жеңіл ақыл-ой кемістігі бар 5-сынып оқушыларына арналған әлеуметтік –тұрмыстық бағдарлау бойынша жұмыс дәптері» авторлық жұмыстары ұсынылып, талқыланды, қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді. Қатысушылар іс-шараның маңыздылығын, жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтіп, екі облыста алған жұмыстарды өз жұмыстарына енгізіп, қолданатындықтарын айтып, ризашылықтарын білдірді.