2025 жылдың 12 наурызында «Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Өркен» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы полиция подполковнигі, ШҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы жол-техникалық инспекция бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ғалиев Денис Талғатұлымен бірлесіп «Балалардың жолдағы қауіпсіздігін алдын алу» тақырыбында маңызды вебинар өткізді.




Іс-шара педагогтардың, ата-аналардың және оқушылардың жол қозғалысы ережелері туралы хабардарлығын арттыру және балаларда жолдарда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Қозғалыс қарқындылығы үнемі өсіп отыратын қазіргі әлем жағдайында мұндай бастамалар ерекше өзекті болып табылады.
Денис Талғатұлы қатысушылармен өңірдегі балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының статистикасымен бөлісіп, негізгі себептерін атап өтті: абайсыздық, ережелерді білмеу және ересектер тарапынан тиісті бақылаудың болмауы. Ол құқық қорғау органдарының қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылдап жатқан шаралары туралы айтып, балаларды жол сауаттылығының негіздеріне үйрету бойынша практикалық ұсыныстар берді.
Балаларға жол жүріс-тұрыс ережелерін жақсырақ меңгеруге көмектесетін викториналар, ойындар және бейнероликтер сияқты оқытудың интерактивті формаларына ерекше назар аударылды.
Бұл вебинар Шығыс Қазақстан облысының балалары үшін қауіпсіз орта құруға тағы бір қадам болды. Ұйымдастырушылар тек бірлескен күш-жігермен ғана өскелең ұрпаққа жолдардағы қауіпсіздік мәдениетін сіңіруге болатынына сенімді.