«Наурыз – құт — береке бастауы» интерактивті сабақ өткізу туралы

Поделитесь этим постом:

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2025 жылғы 13 наурыз күні ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Байзолдина Ж.С, Бабриева А.У және «Мұрагер» тобының жетекшісі, музыка пәні мұғалімі Сагындыкова Ш.А біріге отырып, оқушылардың танымдық-интеллектуалдық білімдерін шыңдап, ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу мақсатында «Наурыз- құт-береке бастауы» тақырыбында  интерактивті цифрлық сабақ өткізді.

Танымдық –интеллектуалдық сабаққа өңірдің 6-сынып оқушылары белсене қатысты. Сабақ барысында «Сыр сандық», «Салт-дәстүр», «Ұлттық ойын», «Ұлттық өнер» көрсетіліп, өңір оқушыларымен онлайн форматта наурыз мерекесі қарсаңында біріге қызу жұмыс жасалды.