2025 жылғы 13 наурызында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасында ауыл мектептерін дамытудың «Ауыл мектебі – сапа алаңы» тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру мақсатында Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ базасында «Табысты мектеп – жарқын болашақтың кепілі» атты облыстық семинар-практикумы өткізілді.




Семинар-практикумның мақсаты: білім сапасын арттыру, тірек мектептерімен шағын жинақты мектептер арасындағы үздік педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу және педагогикалық әдістерді жетілдіру.
Семинар жұмысына Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының «Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту» зертханасының жетекші — ғылыми қызметкерлері Мукушева А.Н. және Басығараева А.И. ZOOM платформасы арқылы қатысып, «Ауыл мектебі — сапа алаңы» жоба мақсаттары, міндеттері мен өзектілігі, сондай-ақ іске асыру кезеңдерімен таныстырды.
Семинар-практикумның ашылу салтанатын алғы сөзбен Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Дауытбаева С.Н. ашты. ШҚО ББ «Örken» ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Бошаева Г.М. «Ауыл мектебі — сапа алаңы» республикалық жобасының облыс көлемінде масштабталуы туралы баяндама жасады. Мектеп директоры Акыбаева Н.Н. «Ауылдық жерлердегі тірек мектебінің әлеуетін дамыту» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды.
Семинар практикумның келесі бөлімінде семинарға қатысушылар «Ауыл мектебі – заманауи тірек мектебі» жаңа модернизацияланған оқу кабинеттеріне SMART ROOM жасап, әр кабинетте оқушының жобаға бағытталған іс-әрекетінің нәтижелілігі мен тиімділігін көрсететін 62 жобалық жұмысты таныстырды. Жобалар оқушылардың шығармашылығы мен зерттеу дағдыларын дамытуға, мұғалімдердің кәсіби өсуі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға ықпал ететін түрлі бағыттарды қамтыды.
«Жетістікке жетудің жолы: әдістемелік бірлестік жұмысының тәжірибесі» Ads – time формасында мектептің әдістемелік жұмыстары көрсетілді. Тарбағатай ауданы бойынша тірек мектебі «Абай атындағы орта мектебі» КММ және сол тірек мектебіне байланыстырылған шағын жинақты мектептер: «Дәулетбай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ, «Байтұрсынов атындағы орта мектебі» КММ, «Қ.Жарылғасынов атындағы Жаңалық орта мектебі» КММ-нің ұстаздары жоба шартына сәйкес интерактивті тақтаның көмегімен математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі пәндерінен онлайн сабақ өткізіп, әріптестеріне өз тәжірибелерін ұсынды.
Тірек мектебі – ауылдық жердегі білім сапасын жетілдірудің басты құралы. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары TEDx форматында ауылдық жердегі тірек мектебін тиімді ұйымдастырудың стратегиялық жоспарларын ұсынды.
Практикум соңында семинар барометрі жасалынып, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының қызметкерлерімен бірлескен кері байланыс ұйымдастырылды, қойылған сұрақтарға жауап берілді, ұсыныстар айтылды, педагогтер өз ойларын ортаға салды; семинарға қатысушылар мектеп ұжымына және жобаны ұйымдастырушыларға шығармашылық табыс тіледі.
Семинар-практикумға облыстың ауылдық және шағын жинақты мектептерінен 70-тен аса пән мұғалімдері қатысты.