Педагогтердің тәжірибе алмасу республикалық симпозиумы өтті

Поделитесь этим постом:

2025 жылдың 18 наурызында Астана қаласы және Батыс Қазақстан, Абай, Шығыс Қазақстан облыстары педагогтерінің қатысуымен республикалық онлайн симпозиум өткізілді. Бұл шара облыстық, республикалық сараптама кеңесі отырысында ұсынылған авторлық материалдар негізінде педагогтердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау мақсатында, білім беру тәжірибесін таратуға бағытталды.

Шарада 40 педагог-спикер өз әдістемелерін таныстырып, тиімді оқыту тәжірибелерін ұсынды.

Симпозиум басталу барысында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының педагогикалық тәжірибені, баспа қызметін жалпылау және таратудың әдістемелік бөлім басшысы Кенжебаева Алма Тлеухановна сөз сөйледі.

ШҚО-дан келесі педагог-спикерлер өз авторлық бағдарламасын таныстырды:

— ШҚО Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Болаева Айнур Қантайқызы– «Тыңдалым мен айтылым тапсырмалары» (5-сынып) авторлық бағдарламасы;

— Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 49 жалпы білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі Кадирова Айгуль Шуленбаевна – «Оқу сауаттылығы» элективті курс бағдарламасы;

— ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ информатика пәнінің мұғалімі Макиенко Оксана Владимировна – «Программировние БПЛА: курс управления дронами для школьников» вариативті курс бағдарламасы;

— «Исток» жеке меншік жалпы оқу мектебі» мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Дрогунова Татьяна Николаевна – «Важная наука» авторлық бағдарламасы;

— ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратал орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Куленова Риза Кенжетайқызы – «Жаратылыстану пәні бойынша зерттеу жұмыстарына арналған оқушы күнделігі» (4-сынып) оқу-әдістемелік құралы;

— ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Жагыкпанова Майра Даукеновна – «Дүниетану әлемі» (3-сынып) вариативті курс бағдарламасы.

Аталған іс-шараға 100-ден астам жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері қатысып, ұсынылған материалдармен танысты. Бұл шара педагогтер арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.