Дарынды балаларға арналған робототехника олимпиадасы

Поделитесь этим постом:

2025 жылғы 15-16 наурыз күндері көптен күткен Fibonacci International Robot Olympiad робототехника олимпиадасы басталды. Бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 650 ең мықты командалар қатысты!

Риддер қаласындағы №1 мектеп-лицейінің 6 — 7 сынып оқушыларынан құралған «Atom» командасы (құрамында Глазачева Е., Бузанкина В., Немцева С. және Ощерина К.) «FIRO-2025» спорттық робототехника бойынша халықаралық олимпиаданың республикалық іріктеу кезеңінде 2 — орын иеленіп, Түркияның Анталия қаласында өтетін халықаралық іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Сондай-ақ, «Android» командасы (құрамында Котвицкая Д., Ансельм Л. және Антропов Г.) Қазақстанның ең үздік 12 командасы арасында 4 — орынға ие болды. Халықаралық қазылар алқасының шешімі бойынша бұл команда да Анталияда өтетін халықаралық кезеңге шақырту алды.

Сәуір айында Анталия қаласында аталған командалар еліміздің намысын қорғайтын болады. Бұл жай ғана жарыс емес, технология мен инновацияның, қажырлы еңбектің нағыз мерекесі!

Оқушыларды жарысқа дайындаған физика және робототехника пәнінің мұғалімі Котвицкий Юрий Брониславович.

Барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт, жарқын идеялар, алға қойған мақсаттарына жету және болашақта үлкен жеңістер тілейміз!