Балалардың терезеден құлауы

Поделитесь этим постом:

2024 жылдың 19 наурызында ШҚО білім басқармасының «Өrken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ТЖБ Аға инженері Кекиева А. бірлесіп, балалардың терезеден құлауы мәселесіне арналған вебинар өткізді.

Вебинардың негізгі тақырыптары:

  • Балалардың терезеден құлау статистикасы және себептері.
  • Алдын алу шаралары:
    • терезелерге блоктау құрылғыларын орнату;
    • құлыптары бар терезе тұтқаларын пайдалану;
    • жиһазды терезелерден алыстату;
    • балаларды қауіпсіздік ережелеріне үйрету.
    • Ешқашан маса торына сенбеңіз!
    • Баланы, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнап жүрген баланы қараусыз қалдырмау.
  • Балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі.

Вебинардың мақсаты: ата-аналар мен педагогтардың жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шаралары туралы хабардарлығын арттыру.

Вебинар қорытындысы: қатысушылар балаларды терезеден құлаудан қалай қорғау керектігі туралы пайдалы ақпарат алды.

Ұсыныстар:

  • Ата-аналарға: үйдегі терезелердің қауіпсіздігін үнемі тексеріп отыру.
  • Педагогтарға: балалармен қауіпсіздік ережелері туралы әңгімелер жүргізу.

Вебинар балалардың жарақаттануының алдын алу бойынша іс-шаралар аясында өткізілді.