2025 жылғы 27 наурызда Өскемен қаласының білім бөлімінің «№ 26 орта мектебі» КММ базасында ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының көктемгі каникул мектебі аясында.«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету «Бір-біріне қадам» облыстық оқыту семинар-практикумы өткізілді.




Іс-шараға облыстың жалпы білім беру ұйымдарының 60-тан астам педагог-психологтері қатысты. Сонымен қатар «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» , «Ақ ниет мектеп-интернаты», «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы , С. Аманжолов ат. ШҚУ, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің өкілдері қатысты.
Семинар-практикум барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша «№26 орта мектебі» , «№42 орта мектебі» , «№37 көпбейінді орта мектебі» педагог-психологтерінің жұмыс тәжірибесі көрсетілді.
Іс-шара соңында сұрақтар мен жауаптар сессиясы ұйымдастырылды, бұл тақырыптарды тереңірек талқылауға және ЕББҚ бар оқушыны психологиялық-педагогикалық қолдауда ата-аналармен жұмыстың өзектілігін анықтауға мүмкіндік берді.