Академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері» конференцияның баспасөз хабарламасы

Поделитесь этим постом:

2025 жылдың 18 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының туғанына 80 жыл толуына арналған «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты — педагог мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау, ұстаз технологиясы бойынша жаңашыл ізденістегі шығармашыл педагогтердің іс-тәжірибесімен тарату, әдістемелік еңбектерін кеңінен таныту.

Конференцияға қатысушылар: шетелдік, еліміздің отандық жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, білім беру орталықтарының қызметкерлері, облыстық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, облыстың білім беру ұйымдары тілдер пәндерінің мұғалімдері.

Конференция 2 кезеңнен тұрады:

1. Пленарлық бөлім      

2. Тақырыптық алаңдар

Пленарлық бөлімдепедагогика ғылымдарының докторлары, профессорлары, филология ғылымдарының кандидаттары баяндама жасайды.

Тақырыптық алаң бағыттары:

І.  «Қанипа Бітібаева және қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері»

ІІ. «Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы және мұғалімнің кәсіби шеберлігі»

ІІІ. «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және ұлттық құндылықтар»

ІҮ. «Қанипа Бітібаеваның озық тәжірибесі: жаратылыстану ғылымдары және қазіргі ғылыми-техникалық прогресс»

Шара барысында конференция қонақтары Қанипа Бітібаева музейіне саяхат жасап, Қ.Бітібаеваның атаулы зертхана филиалдарының көрме таныстырылымын, ұстаздың өмірі мен шығармашылығына арналған композициялық қойылымды тамашалайды, Шүиіншәли Абай Серікұлының «Тау тұлғалы тау қызы» естеліктер жинағының тұсаукесеріне қатысады.

Конференция тілдері: қазақ, орыс

Өтетін орны,  күні: 2025 жыл, 18 сәуір

Пленарлық бөлім – Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы Протазанова көшесі, 43

Тақырыптық алаңдар — Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша КДИ, Киевская көшесі, 69 «Ұстаздар үйі»