2025 жылдың 11 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы жанындағы облыстық Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.




Сараптамалық кеңес отырысында облыстық білім беру ұйымдарынан барлығы 351 материал, оның ішінде 140 әдістемелік құрал, 112 авторлық бағдарлама, 99 элективті курс бағдарламалары қаралды.
Сараптамалық кеңес отырысының жұмысына 43 комиссия мүшесі қатысып, ұсынылған материалдарды қарап, сараптамалық бағалау мен жұмыстар бойынша ұсыныстар берді.
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жанындағы Сараптамалық кеңеске ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы «Шығыс Қазақстан облыстық спортта дарынды балаларға арналған олимпиада резервінің мамандырылған мектеп-интернат-колледжі КММ биология пәнінің мұғалімі Мамырбекова Назым Зейнолдановнаның «Спорт мектебіндегі 8-сынып білім алушыларына биология пәнін асинхронды оқыту» атты авторлық бағдарламасы , ШҚО ББ «М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Нурахметова Алия Капашевнаның «Формирование функциональной грамотности через изучающее чтение на уроках русского языка и литературы» атты авторлық бағдарламасы және ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі Ракишева Гульмира Байгалиевнаның «Қызықты физика әлемі» атты авторлық бағдарламасы ұсынылады.