ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 10 қаңтардан 8 сәуірге дейін 5-11 сынып оқушылары арасында 3D-модельдеу және 3D-баспа бойынша «3D Modeldeu Älemі» байқауын өткізді. Конкурс балалар мен жастар арасында 3D-модельдеу және ЗD-баспа технологияларын, жобалау қызметін, ғылыми-техникалық шығармашылықты дәріптеу және 3D-редакторлармен, ЗD-принтерлермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді.
Облыстық байқауға 28 жұмыс ұсынылды. Сараптамалық комиссияның бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын – Жұмабек Әмір, 7-сынып оқушысы, «№42 орта мектеп» КММ, Өскемен қаласы
Екінші орын – Ермеков Ислам, 11-сынып оқушысы, «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ, Зайсан ауданы
Үшінші орын – Рашканов Алмас, 7-сынып оқушысы, «№1 Предгорное орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы
Үшінші орын – Ташенов Ералы, 7-сынып оқушысы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ, Тарбағатай ауданы
Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және шығармашылық жетістіктер тілейміз!