2025 жылдың 24 сәуірінде ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жылдық жоспарына сәйкес, дене тәрбиесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеттерде инновацияларды енгізу және қолданудағы озық тәжірибелермен алмасу, педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу жасау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың дене тәрбиесі нұсқаушыларына тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинарда қатысушылар ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №103 санаторлық балабақша-бөбекжайы» КММ жұмысымен танысты. Сондай-ақ Өскемен қаласының №4 «Сәулетай», №7 «Радуга» және №45 «Болашақ» балабақша-бөбекжайларының педагогтерінің дене тәрбиесі ұйымдастырылған іс-әрекеттеріне инновацияларды енгізу және қолдану жолдары көрсетіліп, әдістемелік нұсқау-кеңестер алды.
Семинар соңында дене тәрбиесі кіріктіріле ұйымдастырылған іс-әрекеттерін жүргізудің өзекті мәселелері талқыланып, қатысушылар кері байланыста пікір алмасты. Қойылған сұрақтарға нақтылы жауаптар алынып, тәжірибелік семинар жұмысынан өздеріне қажет ақпарат алғандарын атап, ризашылықтарын білдірді.
Шараға облысымыздың 50 мектепке дейінгі тәрбие бойынша педагогтері қатысты.