ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 23 сәуірінде Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақжар балалар саз мектебі» КММ және «Балалар өнер мектебі» КММ педагогтерінің тәжірибесін жинақтау, тарату мақсатында «Музыкалық білім беру жүйесіндегі дәстүрлі және инновациялық технологиялар» облыстық семинарын өткізді.
Семинарға облыстың музыка және өнер мектептерінің директорлары мен педагогтері қатысты.
Семинар барысында педагогтер төмендегі тақырыптарда ашық сабақтар, шеберлік сыныптар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті: «Цифрлық технологияларды қобызшылар ансамблінде пайдаланудың тиімділігі»; «Нота сауаттылығын жаңа технологияларды пайдалана отырып үйрену»; «Maestro» бағдарламасын сабақ барысында тиімді пайдалану»; «Вокал сабағындағы инновациялық ойын түрлері»; «Компьютерлік ноталық редакторларды музыка сабақтарында қолдану»; «Sibelius» бағдарламасын сабақ барысында тиімді пайдалану»; «Штрихтарды меңгерудегі цифрлық технологиялардың маңыздылығы»; «Қазақ биіндегі қол элементтері»; «Socrative» бағдарламасын сабақ барысында тиімді пайдалану»; «Оқушылырдың талғамына сай заманауи шығармаларды репертуарға енгізу»; «Күй өнерін цифрлық технология арқылы оқыту»; «Храмматикалық және көне бұраудың ерекшеліктерін заманауи цифрлық технологиялар арқылы меңгеру»; «Mentimeter» бағдарламасын сабақ барысында тиімді пайдалану»; «Қыш ыдыс» саз балшықпен жұмыс жасау технологиясы»; «Торсық» ұлттық натюрморт»; «Киіз маталармен жұмыс»; «Иллюстрациядағы нысан мен түстегі сәнділіктің стилизациясы»; «Құрғақ жүн техникасындағы жұмыс»; «Дәстүрлі киіз басу технологиясы»; «Түрлі бояуларды пайдалану әдіс-тәсілдері».
Семинар жұмысы оқушылардың шығармашылық концертімен аяқталды.
Ерекше қуантқан жағдай, мектептер заманауи жабдықталған, әр сыныпта интерактивті панель, жаңа аспаптар, заманауи жихаздар, құрылғылар, құралдар. Осы жағдайды пайдаланып, мұғалімдер сабақтарын тақырыпқа сай, жоғары деңгейде көрсетті.