Облыс мектептерінің түлектері арасындағы «Maqtanyşym, mektebіm!» атты облыстық бейнероликтер конкурсының қорытындысы

Поделитесь этим постом:

Облысымыздың оқушылары «Maqtanyşym, mektebіm!» атты облыстық байқауына қатысып, өздерінің видеоларында мектептеріне деген тілектерін білдірді.

Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:

Бірінші орын — Бердібек Әли, 11 сынып оқушысы, «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы.

Екінші орын — Кажемурат Диляра, Сорокина Томара, Кеслер Анастасия, 11 сынып оқушылары, «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ, Алтай ауданы.

Үшінші орын — Тоқан Аягоз, 9 сынып оқушысы, «А.Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ, Зайсан ауданы.

Үшінші орын — Оралханова Айкенже, 11 сынып оқушысы, «Мукарама атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ, Зайсан ауданы.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз және бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!