«Жеке даму картасы сабақтастықты жүзеге асыру құралы ретінде» облыстық тәжірибелік семинар

Поделитесь этим постом:

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру бағдарламаларын үндестіру мақсатында жасалған қадамдық іс-қимыл жоспарына сәйкес оқыту орыс  тілінде  жүргізілетін  облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері   мен  мектепалды   даярлық сынып   тәрбиешілері  үшін   2025 жылдың 13 мамырында «Жеке даму картасы сабақтастықты жүзеге асыру құралы ретінде» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді.

Семинардың мақсаты — мектепалды даярлық сыныптарынан, балабақшадан мектепке көшу кезінде сабақтастық пен сәтті бейімделуді құру, жас ерекшеліктерін ескере отырып үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету және жеке даму картасын толтыру бойынша  іс – тәжірибелермен  бөлісу.

Семинарда спикерлер мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілерінің мектепке сәтті бейімделуі  және бастауыш буын арасындағы сабақтастық бойынша ашық сабақтар, шебер сыныптар көрсетіп, баланың жеке даму картасын толтыру бойынша  іс- тәжірибелерімен  бөлісті.

Семинарға аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері қатысты.

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын  білдірді.