Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері (оқыту орыс тілінде Т2) қауымдастығының отырысы

Поделитесь этим постом:

2025 жылдың 29 мамыр күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қауымдастықтың жоспарына сәйкес орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері (Т2) қауымдастығының кезекті отырысын өткізді.  

Отырыстың мақсаты– 5-8, 10 сыныптарда аралық аттестаттауға дайындық және өткізу жұмыстары, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, оқытудағы белсенді әдіс — тәсілдерді қолдану, көркем фильмдерді қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыру бағытында тәжірибе алмасу.

Отырыста Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Тоқымтаева Айнагүл Нурмухамбетовна «Білім алушыларға «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен» 5-8, 10 сыныптарда емтихан өткізу тәртібі»;

Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №11 орта мектебі» КММ, Дюсупова Еркежан Касымкановна «Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабақтарында тиімді әдіс — тәсілдер арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту»;

Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№14 орта мектебі» КММ, Кайдарова Назым Максатовна «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында белсенді әдіс — тәсілдерді қолдану»;

Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №11 орта мектебі» КММ, Бакижанова Гульназ Бауржановна «Сабақ барысында көркем фильмдерді қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыру және оқыту сапасын жақсарту жолдары» тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері 5-8, 10 сыныптарда емтихан өткізу тәртібі, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, оқытудағы белсенді әдіс — тәсілдерді қолдану, көркем фильмдерді қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыру жайлы өзіндік іс-тәжірибелерін ұсынды.

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қоғамдық-гуманитарлық пәндер бөлімінің әдіскері Айгуль Жанахметовна Билялова «5-8,10 сынып білім алушыларын аралық аттестаттау бойынша Әдістемелік ұсынымдағы өзгертулермен таныстырып, әдістемелік қолдау жасады.