Huawei компаниясының өкілдерімен кездесу

Поделитесь этим постом:

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының «Örken» ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығында Huawei компаниясының өкілімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге Орталық қызметкерлері мен облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейінің өкілдері қатысты.

Huawei компаниясының өкілі Қазақстан аумағындағы компания қызметін таныстырып, білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан жобаларға ерекше назар аударды. Оқу үдерісін цифрландыру бағытында, соның ішінде білім беру мекемелерін SMART технологиялармен жабдықтау тәжірибесі ұсынылды.

Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысы мектептерін SMART сыныптармен жабдықтау мүмкіндіктері мен өзара ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, қазіргі заманғы цифрлық шешімдерді оқу үдерісіне енгізу, педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыру және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері көтерілді.

Кездесу мазмұнды әрі іскерлік жағдайда өтті. Қорытындысында алдағы бірлескен жобаларды әзірлеу және өзара іс-қимылды жалғастыру бағыттары белгіленді.