ШҚО ББ «Örken» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы ҚР ОАМ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен бірлесе отырып, 2025 жылдың 2-3 маусым күндері Катонқарағай ауданында «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Табиғат аясында кітапоқу» республикалық семинарын өткізуде.
2025 жылғы 2 маусым күні семинардың бірінші күні өтті. Іс-шараға ҚР ОАМ Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің қызметкерлері, ҚР ОАМ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының қызметкерлері, ақын-жазушылар, баспа өкілдері, облыстық білім басқармаларының мектеп кітапханасы жұмыстары бойынша мамандары, әдістемелік орталықтардың, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстардың мектеп кітапханашылары (170 адам) қатысты.





Алғы сөз Қазақстан Республикасы Оқу-ағартуминистрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры А.Ш. Сайдембаеваға, Катонқарағай ауданының әкімі Д.Б. Дюсембаевқа, Катонқарағай аудандық мәслихатының төрағасы Б.Қ. Болаевқа берілді.
Пленарлық бөлімде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында — Катонқарағай ауданы білім бөлімінің басшысы Ғ.П. Кошенова, Катонқарағай ауданы Өрел орта мектебінің директоры А.К. Джумагулова, Катонқарағай ауданы Жамбыл орта мектебінің директоры А.Б. Абраимова баяндама жасады.
Басқа өңірлерден келген мамандар келесі тақырыптарда өз тәжірибелерімен бөлісті;
— «Ғибрат ал» онлайн кеңістігіндегі оқушы тұлғасын дамыту жобасы» — Б.Қ. Қуландиева, Ақтөбе қаласы №10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
— «Табиғат — кітаптар тілінде». «Жақсы кітап- адал жолға бастар» танымдық сағат – А.С. Муканова, Ж.Ж.Бирмаганбетова, Г.Р. Алиева, Ақтөбе облысының мектеп кітапханаларының меңгерушілері;
— «Жақсы кітап-жан азығы» шеберлік сыныбы, Ақмола облысы мектеп кітапханашыларының кітаптар таныстырылымы;
— «Жазда кітап оқы!» жобасы – К.Е Акмурзаева, Қызылорда облыстық оқу орталығының бөлім меңгерушісі;
— «Smartkitaphana» Мектеп кітапханаларын автоматтандыру және цифрландыру» — А.Д. Ажимуханов, «Edline» Жеке шаруашылық серіктестігінің бизнесті дамыту менеджері, жоба авторы;
— «Libsystem.kz»кітапхана ісін автоматтандыру жүйесі» — Е.М. Сұлтанғалиев, жүйе авторы;
— «Стандарты цифровой трансформации библиотечного дела в образовании». «Искуственный интеллект в библиотеке» — Ф.В. Соколов, «Еkitaphana.kz АО» жобасының жетекшісі.
Пленарлық бөлімнен кейін қонақтарды Катонқарағай ұлттық табиғи паркімен таныстырып, Берел қорық мұражайына саяхат жасалды. Келесі тақырыптарда тәжірибе алмасу жұмыстары жалғасын тапты: Абайдың «Қара сөздерінен» үзінділер оқу, Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Павлодар, БҚО, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай облыстарының әдіскерлері мен мектеп кітапханашыларының көрсетілімдері; «Абай шығармаларын дәріптеу», Қызылорда, Абай, Қарағанды, Ұлытау, ШҚО, Жамбыл, Атырау облыстарының әдіскерлері мен мектеп кітапханашыларының көрсетілімдері.
Семинар жұмысы жалғасуда.