Жүректен жүрекке» қайырымдылық ақциясының қорытындысы

Поделитесь этим постом:

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар аясында өткізілген «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын қорытындылады. Акция 2016 жылдан бастап, жыл сайын 1 наурыздан 1 маусымға дейін өткізіледі. Іс-шара 10 жыл ішінде 25 262 мыңнан астам тілек орындалды.

Акция мәні аз қамтылған, көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан әр бала хат жазу арқылы өзінің ізгі тілегін, қалауын білдіре алады, оны бей –жай қарамайтын меценаттар мен мейірімді жандар орындай алады.

Биылғы жылы акция барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің, көпбалалы және аз қамтылған, қамқоршы (ата-әжелері) отбасылардан шыққан, сондай-ақ ата-аналары мүгедек болып табылатын балалардың 2822 тілек хаттары орындалды.

Кішкентай шығысқазақстандықтар өздерінің хаттарында әртүрлі өтініштерін жазды. Олардың ерекше тілектері қуыршақ, велосипед, коньки, шаңғы, күртеше, конструктор, кроссовкалар, әдемі көйлек, қылқалам бояулары, мектеп жабдықтары және тағы басқаларды алуға тілектерін білдірді.

Балалардың өтініші коммерциялық және басқа да бірқатар ұйымдардың, шаруа қожалықтарының, кіші және орта бизнес өкілдерінің, жеке кәсіпкерлердің және өзге облыс тұрғындарының белсенді демеушілік көмегінің арқасында орындалды. Сонымен қатар, акцияға мемлекеттік білім органдарының және мекемелерінің қызметкерлері де қатысты.

Біздің облыстың қайырымды тұрғындарының көмегімен Шығыс Қазақстанның кішкентай тұрғындары әртүрлі сыйлықтар алды. Балалардың барлық өтініштері орындалды. Ең белсенді демеушілер облыстың білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.