Жамбыл ауылында «Қонақжай отбасы» жобасы аясында спорт және салауатты өмір салты күні ұйымдастырылды. «Спорт сүйгіш отбасы — әкем, анам және мен» ұранымен өткен бұл мерекелік шара ауыл тұрғындарын біріктіріп, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Шараға 9 қонақжай отбасы мен 28 жобаға қатысушылар тартылды. Спорт сүйгіш отбасы — спорттық эстафеталар мен қызықты байқауларда бақ сынасты. Жарыстар достық рухта өтіп, қатысушылар өздерінің күшін, ептілігін және командалық бірлігін көрсетті.
Барлық қатысушылар естелік дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.
Спорт — ұрпақтарды жақындастырудың, өзара қолдаудың, түсіністік пен отбасы махаббатының символына айналғаны атап өтілді.