«Қонақжай отбасы» жобасы аясында омартаға экскурсия жасалды

Поделитесь этим постом:

Кеше Катонқарағай ауданының Ақсу ауылында «Қонақжай отбасы» жобасының аясында ерекше танымдық шара өтті. Жоба қатысушылары омартаға экскурсия жасап, ара шаруашылығымен танысты.

Балалар үшін бұл экскурсия тек серуен ғана емес, сондай-ақ табиғатты тереңірек түсінуге арналған маңызды сабақ болды. Олар аралардың еңбекқор тіршілігін қызығушылықпен бақылап, ұяның жұмыс істеу тәртібімен, бал өндіру үдерісімен танысты. Сонымен қатар, аралардың экожүйедегі орны мен маңызын білді.

Нағыз омарташы өз тәжірибесімен бөлісіп, балаларға арнайы құрал-жабдықтарды көрсетіп, бал өндірудің қыр-сырын ашып берді. Іс-шара соңында балалар балдың дәмін татып көріп, алған әсерлерімен бөлісті.

Экскурсия балалардың білімін толықтырып қана қоймай, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін оятты.  «Қонақжай отбасы» жобасы жас ұрпаққа қоршаған ортамен етене танысып, таным көкжиектерін кеңейтуге мол мүмкіндік берді.