2025 жылдың 30 маусымында «Қонақжай отбасы» жобасының 3 маусымы аяқталды

Поделитесь этим постом:

2025 жылдың жазы Шығыс Қазақстан облысында іске асырылған бірегей «Қонақжай отбасы» жобасына қатысқан 140 бала үшін ерекше болды.

Қонақ отбасыларында тұру қатысушыларға қазақ тілі туралы білімдерін жетілдіріп қана қоймай, қазақ халқының бай мәдениеті, дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік берді. Бағдарламаға тарихи және мәдени ескерткіштеріне экскурсиялар, халық аспаптарында ойнау бойынша шеберлік-сыныптар, аспаздық сабақтар, ана тілінде сөйлейтіндермен кездесулер, ұлттық әдет-ғұрыптарды зерделеу және салт-дәстүрлерге қатысу енгізілді.

Жобаның салтанатты жабылуы есте қаларлықтай мерекеге айналды. Қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті, жаңа достар, тіл үйренудегі жетістіктер және қонақжай отбасыларында алған қамқорлықтары туралы ойлары әңгімелеріне тиек болды.