КГУ «Восточно-Казахстанский региональный научно-методический центр информатизации и развития образования «Örken»
Управления образования Восточно-Казахстанской области

Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мектеп басшыларына арналған әдістемелік сағат

Поделитесь этим постом:

2026 жылдың 17 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мектеп басшыларына әдістемелік сағатын өткізді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: білім сапасын арттыру, кіріс және аралық диагностикалық бақылау нәтижелерін талдау, білімдегі олқылықтарды анықтау және оларды жоюға бағытталған әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, мектептердің озық тәжірибелерімен бөлісіліп, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары талқыланды.

Сондай-ақ, «Кітап оқитын ұлт» марафонының іске асырылу барысы, «Күш – бірлікте» көшбасшылар клубының жұмысы таныстырылды.

«Ұстазға құрмет» стендін ұйымдастыру, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясындағы іс-шаралар жоспарын орындау және келесі жылы педагогтер арасында өтетін спартакиадаға дайындық мәселелері бойынша тиісті міндеттер айқындалды.