КГУ «Восточно-Казахстанский региональный научно-методический центр информатизации и развития образования «Örken»
Управления образования Восточно-Казахстанской области

Шығыс Қазақстан облысында Экологиялық білім берудің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері бойынша онлайн-семинар өтті

Поделитесь этим постом:

2026 жылғы 18 қарашада ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында Экологиялық білім берудің бірыңғай стандартын білім беру ұйымдарына енгізу мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылғы 6 қарашадағы №319-НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген Стандарттың негізгі ережелері таныстырылды. Оның мақсаты, міндеттері, негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері қарастырылды.

Экологиялық тәрбиені оқу сабақтарының мазмұны мен тәрбие жұмысына кіріктіру мәселесіне ерекше назар аударылды. Стандарт жеке оқу пәнін енгізуді немесе педагогтерге қосымша оқу жүктемесін арттыруды көздемейтіні атап өтілді. Экологиялық тақырыптар барлық пәндік салаларды қамтуы тиіс.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық ұжымдарын Стандарттың негізгі ережелерімен таныстыру, жауапты үйлестірушілерді белгілеу және оны енгізу бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру ұсынылды.