КГУ «Восточно-Казахстанский региональный научно-методический центр информатизации и развития образования «Örken»
Управления образования Восточно-Казахстанской области

Ақ ниет мектеп-интернатының ашылғанына 10 жыл толуына орай «Арнайы мектеп инклюзивті білім берудің ресурсы ретінде: ЕБҚ бар білім алушыларды даярлау және жалпы білім беретін ұйымдарды сүйемелдеу» облыстық семинар

Поделитесь этим постом:

2026 жылдың 25 қарашасында облыстағы «Ақ ниет» мектеп-интернатының ашылғанына 10 жыл толуына орай Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы мен «Ақ ниет мекттеп-интернаты» КММ бірлесіп  «Арнайы мектеп инклюзивті білім берудің ресурсы ретінде: ЕБҚ бар білім алушыларды даярлау және жалпы білім беретін ұйымдарды сүйемелдеу» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Шара білім басқармасының, әдістемелік орталықтың, жоғарғы оқу орындарының өкілдері мен әлеуметтік серіктестердің сондай ақ, арнайы, жалпы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің қатысуымен өтті.

Қамқорлық пен қолдаудың, шексіз мүмкіндіктердің 10 жылы!

ШҚО ББ «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММерекшелігі –арнайы білім беру, инклюзивті оқыту және кәсіптік даярлық бағыттарын біртұтас жүйеге біріктіретін ерекше білім беру моделін жүзеге асыруында, зияткерлік дамуы сақталған, тірек-қимыл аппараты, көру, есту және сөйлеу бұзылыстары бар балалардың жалпы білім беретін ортаға ауысып, білім алуын жалғастыруына қажетті жағдайлар жасалған  Қазақстандағы жалғыз білім беру ұйымы болып табылады.

«Ақ ниет» – бұл жай ғана мектеп-интернат емес. Бұл – әр баланың мүмкіндігіне сенім артатын, ерекше білім беру қажеттіліктерін кедергі емес, жеке қолдау мен дамудың бағыты ретінде қарастыратын, білім алуға, талантын ашуға және өмірден өз орнын табуға мүмкіндік беретін орта.

Он жыл ішінде мекеме мол тәжірибе жинақтап, бүгінгі таңда бұл тәжірибе Шығыс Қазақстан облысында ғана емес, еліміздегі инклюзивті білім беруді дамыту бағытында да кәсіби қауымдастық үшін маңызды тәжірибелік үлгіге айналып отыр.

«Ақ ниеттің» он жылдық тарихы – педагогтердің қажырлы еңбегінің, адамгершілік пен жанашырлықтың, серіктестік пен әр баланың мүмкіндігіне деген сенімнің жарқын көрінісі!

Семинар аясында педагогтердің авторлық әдістемелік әзірлемелері мен балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, мектептің 10 жылдық тәжірибесі, арнайы қолдаудан жалпы білім беруді жалғастыруға дейінгі сабақтастық, аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларды кешенді сүйемелдеу, цифрлық инклюзия мен жасанды интеллектіні педагогтердің кәсіби дамуында қолдану мәселелері бойынша педагогтердің іс тәжірибелері таратылып, шеберлік сабақтар ұсынылды.

Балалардың мүмкіндігіне сенім артып, әрқайсысының әлеуетін ашуға бағытталған игі істер жалғасын таба берсін!