


Бүгін 19 қараша Халықаралық дефектолог күніне орай ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Арнай мектеп» КММ базасында «Арнайы мектеп жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар тоқушылардың табысты әлеуметтенуі үшін жағдай жасау» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды. Семинарға облыстағы арнай білім беру ұймдарының басшылары мен педагогтері сондай ақ Өскемен қаласының жалпы білім беру мектептерінің педагогтері қатысты.
Шараның мақсаты – арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы дефектолог мамандарының кәсіби қызметінің маңыздылығын кеңінен насихаттау, олардың қоғамдағы кәсіби мәртебесі мен оң имиджін қалыптастыру, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және психологиялық-педагогикалық қолдау бағытындағы озық тәжірибелерді тарату.
Бағдарлама аясында ашық сабақтар, тәжірибелік жұмыстар және тақырыптық секциялар ұйымдастырылып, арнайы педагогтердің озық тәжірибелері ұсынылады.