2026 жылғы 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Örken» тарапынан орыс тілінде оқытылатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасын арттыруда жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту сапасын арттыруда жасанды интеллект құралдарын қолданудың тиімділігін көрсету, жасанды интеллект негізінде әзірленген тапсырма түрлерін жүйелеу және олардың оқушылардың білімін дамытудағы нәтижелілігін таныстыру.


