«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру конкурсы жыл сайын тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және тұлғалық өсуін ынталандыру мақсатында өткізіледі.
Конкурс екі кезеңде өткізілді: I кезеңде (аудандық, қалалық) 9 мектептің материалдары іріктеліп алынып, II кезеңде облыстық конкурс комиссиясының шешімі негізінде «Орта білім беретін үздік ұйым – 2026» грантының жеңімпаздарына жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінетін ең төменгі жалақының сегіз жүз еселенген мөлшерін (68 млн. теңге) Шығыс Қазақстан облысы бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен 4 білім беру мекемелеріне бөліп беруді ұсынды. ШҚО ББ тамыз кеңесінде аталған ұйым басшыларына «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының лауреаты» атты арнайы құрмет дипломы және сертификат тапсырылады.
2026 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Орта білім берудің үздік ұйымы» грантының иегерлері:
Гран при: ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ (104 балл) – (20 000 000 млн.т.);
І-орын: ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының № 9 орта мектебі» КММ (90 балл) – ( 18 000 000 млн.т.);
ІІ-орын: ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 5 Күршім орта мектебі» КММ (89 балл) – (16 000 000 млн.т.).
ІІІ-орын: ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарытерек орта мектебі» КММ (88 балл) – (14 000 000 млн.т.).
2026 жылдың қорытындысы бойынша номинацияларда «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының келесі қатысушылары белгіленді:
«Дәстүр және инновация мектебі» ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 16 орта мектебі» КММ;
«Педагогикалық жетістік мектебі» ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 1 Самар орта мектебі» КММ;
«Шығармашылық даму мектебі» ШҚО ББ Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Үлкен Нарын орта мектебі» КММ;
«Үздік ауыл мектебі» ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша «Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп» КММ;
«Педагог-көшбасшылар мектебі» ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша «Малоубинка орта мектебі» КММ.
Байқау жеңімпаздарын құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!








