2026 жылғы 12–23 қазан аралығында «Инклюзивті іс-әрекет» жобасы және Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен «DARA» жеке қоры арасындағы меморандум негізінде «ORICA» компаниясының қолдауымен Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасына қарасты «Ақ ниет» мектеп-интернатыбазасында 25 педагог «Сурдопедагогика» бағыты бойынша 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Курсқа Өскемен қаласындағы № 37 мектептің, «Ақ ниет» мектеп-интернатының, № 96 балабақшаның және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (ППТК) педагогтері қатысты. Оқыту Алматы қаласындағы ӘБЕО (САТР) орталығының мамандарымен жүргізілді.



