Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№50 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында 2026 жылғы 31 наурызда облыстық «Музыка мұғалімдерінің кәсіби шеберлік байқауы – 2026» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты — педагогтің мәртебесін арттыру және шығармашыл педагогтерді ынталандыру, кәсіби біліктілігін арттыру, жетістікке жеткен музыка пәні мұғалімдерін анықтау, тәжірибесін тарату.
Байқауға аудандық, қалалық кезеңдерінен өткен жеңімпаз музыка пәні мұғалімдері қатысты.
Облыстық кезең 3 бөлімнен құрылды: «Таныстырылым» — пән бойынша жұмысын, өзінің және оқушыларының жетістіктерін еркін форматта ұсыну, «Менің сабағым» — сабақтан үзінді және әр қатысушының өзі таңдаған тақырыптағы «Шеберлік сыныбы.
Байқау комиссиясы материалдар мен сабақтарды бағалап, жеңімпаздарды анықтады.
I дәрежелі дипломмен — Кашей Ардак, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «І. Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені» КММ музыка пәні мұғалімі;
II дәрежелі дипломмен — Омарова Наталья Александровна, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ музыка пәні мұғалімі;
II дәрежелі дипломмен — Барбосынова Жулдыз Маранкызы, ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Амангелді орта мектебі» КММ музыка пәні мұғалімі;
III дәрежелі дипломмен — Миронова Светлана Евгеньевна, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №6 орта мектебі» КММ музыка пәні мұғалімі;
III дәрежелі дипломмен Тынысханұлы Ербол, ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ музыка пәні мұғалімі марапатталды.
Аталымдар бойынша:
«Үздік шеберлік сыныбы» — Ғалымова Инкар Ғалымқызы, ШКО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Жарсу орта мектебі» КММ музыка пәні мұғалімі;
«Ізденімпаз педагог» — Сарынова Алуа Калдыновна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 15 орта мектебі» КММ музыка пәні мұғалімі грамотамен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз!


