КГУ «Восточно-Казахстанский региональный научно-методический центр информатизации и развития образования «Örken»
Управления образования Восточно-Казахстанской области

2027-2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының жобасын талқылауға арналған отырыс өтті

Поделитесь этим постом:

2026 жылғы 20 қарашада «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жасанды интеллекттің даму жағдайында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және кітап ісін насихаттау жөніндегі 2027-2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының жобасын талқылауға арналған отырыс өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.С. Садырбаев, облыстық білім, мәдениет, цифрландыру және ішкі саясат басқармаларының өкілдері, жоғары оқу орындарының өкілдері мен мамандары, кітапхана қызметкерлері, педагогтер, зиялы қауым және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында тұжырымдаманың негізгі жеті бағыты таныстырылып, оларды өңірде іске асырудың басымдықтары қарастырылды. Атап айтқанда, барлық жас кезеңдерінде кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, заманауи кітапханаларды дамыту, цифрлық оқу ресурстарының қолжетімділігін арттыру, ұлттық әдебиетті насихаттау, кітап ісін қолдау және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

«Оқитын ұлт» тұжырымдамасы — оқу сауаттылығын арттыруға, кітап оқу мәдениетін дамытуға және зияткер ұлт қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.