2026 жылғы 20 қарашада ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Глубокое ауданының «Опытное поле жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында тарих пәні мұғалімдеріне арналған облыстық дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – тарих сабақтарында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін талқылау, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына жағдай жасау және озық тәжірибелерді тарату.
Практикалық бөлімде Опытное поле жалпы білім беретін мектебінің педагогтері кіріктірілген сабақтар, шеберлік сыныптары мен зияткерлік-танымдық іс-шаралар өткізіп, құндылықтарға негізделген білім берудегі тиімді әдістемелік тәжірибелерін таныстырды.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар арасында кері байланыс ұйымдастырылып, өзара тәжірибе алмасу жүзеге асырылды. Тарих сабақтарының мазмұнына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жүйелі енгізу, озық педагогикалық тәжірибелерді тарату және кәсіби ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру бойынша ұсынымдар айқындалды. Іс-шараға барлығы 80 педагог қатысты.