2026 жылғы 28 тамызда «Жаңа Халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» облыстық тамыз конференциясы аясында «Орта білім беру ұйымдарының білім беру процесіне жасанды интеллектті енгізу: трансформация, даму, басқару» өңірлік пәндік интерактивті алаңы өткізілді.
Алаң жұмысына аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, цифрлық платформалар мен ҰБДБ-ға жауапты мамандар, директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдер қатысты.
Секциялық жұмыс барысында білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау, білім беру процесінде жасанды интеллектті практикалық қолдану, педагогтер мен оқушылардың ЖИ-құзыреттіліктерін дамыту, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру үшін заманауи цифрлық құралдарды пайдалану мәселелері қаралды.
Жаңа оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыруға, цифрлық білім беру ресурстарын енгізуге және жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалануға қатысты Нұсқаулық-әдістемелік хатқа және оның негізгі ережелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Ұлттық білім беру деректер базасын (ҰБДБ) жүргізу, деректерді енгізудің уақтылығы мен дұрыстығы, сонымен бірге этика, цифрлық гигиена, ЖИ-ді қауіпсіз пайдалану, білім алушылардың сыни ойлауын және академиялық адалдығын дамыту мәселелері талқыланды.
Педагогтер мен білім алушылардың цифрлық және ЖИ-құзыреттіліктерін дамытуға, білім беру процесіне жасанды интеллектті тиімді енгізуге, ҰБДБ деректерінің сапасы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Нұсқаулық-әдістемелік хаттың негізгі ережелерін іске асыруға бағытталған ұсынымдар қабылданды.